Басты бетЖаңалықтарТүркия мемлекеті...

Түркия мемлекеті қазақстандық талапкерлерге 500 грант бөлді

Еліміздегі Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мемлекеттен тыс 500 білім беру грантына сайыс жариялады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

Грантты жеңген талапкерлер Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алады. Бұл университет халықаралық деңгейдегі білім ордасы болып қана қоймай, академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім және ғылым алмасудың орталығы болып есептеледі. Аталмыш оқу ордасында қазіргі таңда әлемнің 17 елінің студенттері білім алуда.

Айта кетейік, Түркияның гранттар сайысына өтінімдер тамыздың 10-ы мен 25-і аралығында қабылданады.

ДереккөзEgemen.kz