Кадеттер корпусының түлектері оқу-әдістемелік жиындардан өтеді

Кадеттер корпусының түлектері әскери қызметке жылдам бейімделуі және жаc сержант болып қалыптасуы мақсатында оқу-әдістемелік жиындар өткізіледі. Жиын барысында түлектер әскери бөлімдердегі және құрамадағы негізгі қызметтік принциптерін терең ұғынуы қажет. Сонымен қатар, сержанттар теориялық сабақтардан тыс уақыттарында бірнеше күн жауынгерлік әзірліктің басты ерекшеліктерін үйрену мақсатында полигондарда болады.

«Cержант болып, ары қарай атақтарымды көтеріп, әскери мансабымды қалыптастырғым келеді. Оқуымды жалғастырып, дамытып, жетілдірсем деген мақсатым бар. Кадеттер корпусы мені дәлдік пен нақтылыққа, төзімділікке үйретті. Оқытушыларымыз бен командирлер бізге қажетті білімді берді. Бұдан біз әскери қызметтің жауапкершілігінің өте жоғары және оңай емес екендігін түсіндік. Ол үшін біз мықты әрі батыл болуымыз қажет», – дейді Кадеттер корпусының түлегі, 32363 әскери бөлімшесінде борышын өтейтін Ринат Садықов.

Айта кеткеніміз жөн, қазіргі уақытта Кадеттер корпусы — кәсіби тұрғыдан үздік сержанттарды әзірлейтін бірден-бір орталық. Кадеттер корпусының түлектері қызметтерін Қарулы Күштер және өзге де әлеуетті құрылымдардағыдай сәтті өткізеді.