Басты бет Жаңалықтар ЭКСПО қонақтары ғарышпен тікелей байланысқа шықты

ЭКСПО қонақтары ғарышпен тікелей байланысқа шықты

EXPO-2017 көрмесінің қонақтары Халықаралық ғарыш станциясының ғарышкерлерімен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болды.

©24.kz
 «Хабар-24» арнасының хабарлауынша, қонақтарға арналған тосын сый Астанадағы Қызылорда облысының мәдени күндеріне арналып, ЭКСПО қалашығында өтіп жатқан қорытынды концерт кезінде жасалған.

Халықаралық ғарыш станциясынан Фёдор Юрчихин мен Сергей Рязански сөз алып, Амфитеатр сахнасындағы үлкен экран арқылы EXPO қонақтары мен қазақстандықтарға және жұлдызды шаһар Байқоңыр орналасқан Қызылордаға ғарыштан жалынды сәлем жолдады.

Байланыс кезінде ғарышкерлер «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің әлемдік деңгейдегі маңыздылығына тоқталып, «Болашақ энергиясы» әлем елдері үшін жалпы адамзат үшін өзекті екенін мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version