Басты бет Жаңалықтар ЭКСПО көрмесінің миллионыншы қонағына құрмет көрсетілді

ЭКСПО көрмесінің миллионыншы қонағына құрмет көрсетілді

ЭКСПО көрмесіне келішулердің саны 1 миллионға жетті. Миллионыншы билетті Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында сатып алған екен.

Қайрат Мамаев сәтті билетті сәуір айында сатып алып қойған екен. Ол Астана күнінде көрме кешенін аралау арнайы келген екен. Қайрат Мамаев Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет атқарады.

«ЭКСПО көрмесінде инновациялық жаңалықтар пен ғылыми ізденістерді тамашаладым. «Нұр әлем» ұлттық павильоны мен шетелдік павильондарын аралап. салыстырдым. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі Астанаға арнайы шақыртып, қонақ етті, бағалы сыйлықтар тапсырды», — дейді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version