Ең үздік деп Деннис Бергкамптың 2002 жылы «Ньюкаслға» қарсы ойында соққан голы танылды. Бұл ойында нидерланд футболшысы қақпа алдында артын беріп тұрып, допты қорғаушыдан алып кетіп, қақпаға дәлдеп соғады. BBC Sport жариялаған дауысқа салудың қорытындысы бойынша, бұл гол 31 пайыз дауыс жинаған, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Премьер-лига тарихындағы ең үздік гол анықталды
Англияда футболдан Премьер-лига тарихындағы ең үздік голға дауыс берудің қорытындысын шығарды.