Ең үздік деп Деннис Бергкамптың 2002 жылы «Ньюкаслға» қарсы ойында соққан голы танылды. Бұл ойында нидерланд футболшысы қақпа алдында артын беріп тұрып, допты қорғаушыдан алып кетіп, қақпаға дәлдеп соғады. BBC Sport жариялаған дауысқа салудың қорытындысы бойынша, бұл гол 31 пайыз дауыс жинаған, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Екінші орынды «Лидс Юнайтед» ойыншысы Тони Йебоның 1995 жылы «Уимблдонға» қарсы ойнындағы соққан голы алды.
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Уэйн Рунидің 2011 жылы «Манчестер Ситимен» ойында соққан голы үшінші орынды алды.