Басты бетЖаңалықтарАлматы қаласында...

Алматы қаласында мемлекеттік бағдарламалар қалай орындалып жатыр?

Қала басшысы Бауыржан Байбек мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өткен жиын барысында бағдарламалардың мақсатты индикаторларына қол жеткізу және басты проблемаларды шешу жөнінде бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді. Ал биылғы жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы

Алматы қаласында инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс 3 бағытта жүруде, олар:тұрғын үй- коммуналды шаруашылық инфрақұрылымын, жылу жүйесін, сумен қамту және судан бөлу жүйелерін модернизациялау,қайта жасау және салу. 2015 жылдан бері қарай «Саялы», «Жас Қанат», «Алғабас-1» мен Универсиада обьектілерінде қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін 81 км инженерлік желілер салынды, 13,9 км инженерлік желі қайта жасалды. Биыл құны 9,9 млрд. теңге болатын нысандар жаңарады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда тозуды 1,5%-ға, шығынды 2,3%-ға, апатты 3,2%-ға азайтады. Бағдарлама қолға алынғалы бері 2,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 216,8 мың шаршы метр немесе 4 198 пәтерлі 85 үй пайдалануға беріледі, сонымен қатар әкімдік тарапынан осы мемлекеттік бағдарлама аясында 73 үй салынуда, оның 24-і биыл іске қосылады.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» Бағдарламасы

Бұл бағдарлама бойынша 2015 жылдан бері қарай жалпы құны 4,8 млрд теңге болатын сумен қамтудың 141 км жаңа желісі, 96 км кәріз жүйесі тартылды. Жалпы, 2016 жылы 467,2 км инженерлік желі жаңартылды және салынды. 2017 545 км инженерлік желілерді салу және қайта жасау жсопарланған, оның құрамына судан бөлу, сумен, газбен, жылумен, электрмен қамту енген. Бағдарлама аясында өткен жылы 37 үй жөнделді, 47 лифт жаңартылды. 2017 жылы 245 үй (94 үйдің 199 лифті жаңарады, 151 үйдің подъездері, шатырлары мен маңдайшалары реттеледі) жөнделеді.

Индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы

Аталмыш бағдарлама аясында Алматының кәсіпкерлікті қолдау Картасына құны 190 млрд. теңге болатын әрі 12 мың жаңа жұмыс орнын құратын 100 жоба енген. 2015 жылдан құны 35,6 млрд. теңге болатын және 2,7 мың жаңа жұмыс орнын құратын 33 жоба жүзеге асырылуда. Барлық кәсіпорындар жоспар бойынша жұмыс істеуде, олардың жүктемесі 70% және одан да жоғары. Жыл аяғына дейін жалпы құны 59 млрд. теңге болатын және 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашатын тағы 22 жоба қолға алынады.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай «БЖК 2020» бағдарламасы

2015 және 2016 жылдары 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуды қамтыған 448 жоба орындалды. Соның арқасында 15,5 мың жұмыс орны сақталды. Биыл субсидия, грант және кепілдікке 4,4 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 1,6 мың жұмыс орны ашылды, 7,3 мың жұмыс орны сақталды.

«Жібек жолы» өңірлік бағдарламасына

Бағдарламаға 2015 жылдан «Даму» қорымен бірген тепе- теңдік негізде 175 жобаны қолдау үшін 10,7 млрд. теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар 2016 – 2017 жылдары 1,2 млрд. теңге салық төледі, 550 жаңа жұмыс орнын ашты,1,2 мың жұмыс орнын сақтап қалды. Жеті айдың қорытындысы бойынша қалада ШОБ субьектілерінің қатары 7,3% -ға өсіп, 172,9 мыңға жетті. ШОБ жұмыс істейтіндердің саны 2017 жылдың бірінші тоқсанында 581 мың адамды құрап, 2,4%-ға өсті.

Ғылым мен білімді дамыту Бағдарламасы

Алматыда ғылым мен білімді дамыту Бағдарламасы бойынша 2016 жылы 1-ші сынып оқушыларын тегін оқулықтармен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету 100 пайызға орындалды, 2017 жылы 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныптар білім берудің жаңа жүйесімен қамтылады.Биылғы жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша қала оқушылары алтыншы жыл қатарынан республикада бірінші орынды иеленді.