Қазақстанның солтүстігінде нанның бағасы тағы шарықтады

Өткен жылы бес миллион тонна астық жинаған еліміздің солтүстігінің өзінде нанның бағасы тағы шарықтады. Бұл жолы Петропавлдың сауда сөрелеріндегі бір бөлкенің бағасы 78 теңге болып, сол аймақ үшін рекордтық көрсеткішке жетіп отыр деп хабарлайды 31 арна.

Ал қаңтар айының басында ғана шағын наубайханалар нанның бұрынғы бағасына тағы 15 теңге қосқанын бұған дейін де айтылған еді.

Ал ендігі кезекте өңірдегі ірі наубайханалардың бірі — «Петропавл нан-тоқаш» комбинаты халық арасында көп сұранысқа ие болған «ерекше Петропавлдық» деп аталатын нанды бірден 13 теңгеге көтеріп жіберген. Дегенмен, баға өсімінің себептерін ешкім түсіндірмей отыр дейді халық.

Тіпті сөздерінше, кейбір дүкендерде аталған нанның бағасы 80 теңгеге дейін шарықтап кеткен. Сонымен қатар, жергілікті жұрт «жыл басынан бастап, бағалары жарыса өсіп жатқан нанның бағасы еліміз бойынша ең арзан болуы керек еді ғой» деп ашынады.

Ал нанның  қымбаттауына байланысты Петропавл нан-тоқаш комбинаты да, жергілікті билік те әлі ресми жауап берген жоқ.

«Бөлке нанның бағасы сенбі күні өсті. Бірақ себебін мен білмеймін. Халықтың бұл бағаға қалай қарайтынын көре жатармыз. Ал бұған дейін қаңтар айында нан-тоқаш комбинатының батон, қара нандарының барлық түрі де қымбаттаған болатын», — дейді сатушы Елена Филипинюк.

Дереккөз31.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды. 

Ақтөбенің бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 22 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте 66 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Елімізде кейінгі тәулікте 66 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Астанада бірқатар жол жабылып, автобус бағыттары уақытша өзгертілді

«Нұрлы жол» вокзалындағы қоғамдық көлік аялдамасы жабылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.