Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында скауттар слеті өтті

Осыдан 4 күн бұрын Астанадан 35 шақырым жердегі Арнасай ауылына Павлодар, Қостанай, Шымкент облысы мен елорданың жасөспірімдері жиналған еді. Шатырлардан қалашық тұрғызылып, қатысушылар аз күнге болсын шаһардың қым-қуыт тіршілігінен өзге ортада күн кешті. Слет аясында квесттер, спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеткіншектер құзға шығудың қыр-сырын меңгерді.

Кездесудің ұйымдастырушылары – Астана қаласының жастар саясаты басқармасы мен Қазақстанның скаут қозғалысы. Олардың айтуынша, бұл жиын жастарды өздігімен өмір сүруге бейімдеп, жаңа көзқарас қалыптастырады.

Кәрімжан Ташев, Скауттар слеті-2017 лагерінің директоры:

— Скауттар өте көп. Әлеуметтік мәселелердің шешу жолын іздестіруде. Осындай слеттерде балалар қандай мәселені қалай шешуге болатынын жиналып ойластырады. Скауттардың есігі әрдайым ашық.

Диана Бекмұрзаева, слетке қатысушы:

— Өмірімде 22 жылда үйренбеген затты үйреніп жатырмыз. Құзға да шықтық, отты да жағып үйрендік. Палатканы да қойып үлгердік. Күнде кешке осындай бағдарламалар болып отырады.