Биг-Бен сағаты жөндеу жұмыстары үшін 4 жылға тоқтайды

Биг-Бен сағаты ғимараттағы жөндеу жұмыстары салдарынан жабылатын болды. Бұл туралы Британ парламенті қауым палатасының мәлімдемесінде айтылған.

Жөндеу жұмыстары кезінде 1950 жылдан бері жаңармаған құбыр желілері ауыстырылмақ.

Айта кетейік, әйгілі сағат осыған дейін әрбір 15 минут сайын соңғы 157 жыл бойы қоңыраулатып келген еді.

Дереккөз7kun.kz