Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде көп ыңғайсызданатынын айтты

“Көп нәрседен ыңғайсызданам. Әсiресе Instagram-да. Алғашқы кезде бәрi қызық еді. Оқырманның бәрi мейiрiмдi, қайырымды болып көрiнетiн. Не көрсем де, не ойласам да салғым келiп, жазғым келiп тұратын. Қазiр ыңғайсыз» — дейді Тұрсынбаева.

Ақынның пікірінше, ол тамақ салса “жаман жегенiн айтады” боп кетедi. Киiм салса, мақтаншақ деп ойлайды. Өмiрде өзi жiберген қателiктердi басқалар қайталамаса екен деп кеңес берсе, “қай бетiмен ақыл айтады” деп жанды жерiн тырнайтындар көбейедi.

«Соңғы кезде Insta-ға кiргiм келмейдi, рас. Затым әйел, атым ақын болған соң ба, бәрiн ауыр қабылдаймын. Абай айтпақшы, “жақсылық көрсем өзiмнен, жамандық көрсем өзiмнен”. Жақсы көретiндер жек көретiндерден көп. Тәлiм алғысы келетiндер мiн iздеушiлерден көп», — дейді ақын.

Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі жазылушылардың әрекетін бiр кесе тәттi сүтке бiр тамшы у тамып кеткендей әсермен сипаттайды. Ақын біреуге ақыл айтудан аулақ екенін ашық айтты.

«Мен жеп жатырмын деп те тамақ салған емеспiн. Осында отырғандардың көпшiлiгi үйде отырған қыз-келiншектер. “Жақсыны үйрен” деген жақсы ниет едi менiкi. Әрiм өз керегiн алады ғой деп жаза беремiн, жаза беремiн», — деп ой бөлісті ақын.

«Жек көрсеңiздер шығып кетiңiздер деп қатайғым да келмейдi. Менi жақсы көрiңiздершi деп жалынуға да аузым бармайды. Себебi, тым жақсы адаммын деп мақтана алмаймын. Айтуға моральдiк құқығым жоқ тақырыптар да бар, ондай жерден қашып жүремiн. Жақсылығымнан жамандығым көп. Қасиетiмнен қателiгiм көп. Перiште емеспiн, данышпандығым жоқ. Мен де сiздер сияқты әйелмiн. Пендемiн. Жек көрсеңiздер де, жақсы көрсеңiздер де болмысым осы. Мархабат!”, — дейді Айнұр.

Дереккөзnur.kz