21 тамыз күні Күн тұтылады

Дәл осыған ұқсас құбылыс 1918 жылдың 8 шілдесінде болған екен.

Күннің тұтылуы кезінде Ай Күн мен Жердің ортасына тұрып, оның ультракүлгін сәулелері мен жарықтың таралуына бөгет жасайды. Ғалымдардың болжауына сүйенсек, тұтылу небәрі 2,5 минутқа ғана созылмақ.

Өкінішке орай, бұл құбылыс тек АҚШ тұрғындарына ғана байқалады. Ал өзге елдер оны тікелей эфирден тамашалай алады.