Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Дегенмен, қос боксшының тарапы бұл ақпаратты әлі ресми мәлімдеген жоқ.

Айтулы жекпе-жек 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді. Бұл ақпаратты сондай-ақ, ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэл өзінің парақшасында растап жазды. Ол «Головкин-Уэйд кездесуін HBO бекіткендігі айтылды. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді» деді аталған жазбасында.

Айта кетейік, багамдық боксшы Туреана Джонсон жарақатына байланысты Головкинмен кездесуден бас тартқаннан кейін қазақстандық чемпионның келесі қарсыласы Уэйд болады деген сыбыс жуырда ғана шыққан болатын.

Дереккөзsn.kz