Аймақ басшысы ауданға сапарын өңірдегі іргелі шаруашылықтардың бірінен саналатын «Айбат» ЖШС-нің егін алқаптарын аралап көруден бастады.
Жалпы, биылғы жылы аудан бойынша 433 мың гектар жерге дәнді дақылдар себілген. Қазіргі кезде ауданда орақ науқанына дайындық жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде.
«Айбат» ЖШС-нің серіктестік директоры Асқар Жапаровтың сөзінше, алда шаруалар алдында шешуші кезең күзгі егін орағы тұр. Шаруалар қазірден бастап, жанар жағар май, машина- трактор паркі мен комбайндардың жөндейтінін жөндеп, жаңасын сатып алуда.
«Алдағы күндері ауа райы жайлы болса, берер аптадан соң науқанға кірісеміз. Астық қабылдау, сақтау орындары да ойдағыдай», деді Асқар Жапаров.
Осы күні облыс әкімі аудандық аурухана, Тұрсынбек Уәлиев атындағы спорт мектебі, «Урожай» ЖШС-нің жаңа жобасы жарма өндіретін өндіріс орнының жұмысымен де танысты.