15 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі байқалады.