Басты бетЕлбасы Дмитрий...

Елбасы Дмитрий Медведевпен кездесті

Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты.

РФ-ның Премьер-министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетіндігіне ниет білдірді. EXPO-2017 шарасын өткізіп отырған достас қазақ елінің жетістігіне қуанышты екенін жеткізді.

«Бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында ағымдағы экономикалық жағдайларды талқылап жатырмыз. Бізге қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін сізге алғыс білдіремін. Әрі біздің елдер арасындағы екі жақты қарым-қатынас соңғы жылдардағыдай қарқынды дамитындығына сенім білдіремін»,- деді Дмитрий Медведев.

Дереккөз24.kz