Басты бетАҚШ президенті...

АҚШ президенті Дональд Трамп барлық америкалықтарды бірігуге шақырды

«Президент өзінің мәлімдемесінде зорлық-зомбылықтың, фанатизм мен өшпенділіктің барлық түрін айыптайтынын анық айтты. Әрине бұған ақ нәсілділерді артық санайтындар, ку-клус-клан, неонацистер мен барлық экстремистік топтар кіреді. Ол барлық америкалықтарды бірігуге шақырды,» – деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Президент Трамп сенбіде болған тәртіпсіздіктен кейін қақтығысқа қатысушыларды жария түрде айыптаған.

Тамыздың 12-і күні Шарлотсвилл қаласында шеру өткізуді жоспарлаған ақ нәсілділер үстемдігін жақтаушы әсіре оңшылдар мен қарсыластары арасында қақтығыстар болған. Шеруге қарсылар тобына бір автокөлік баса-көктеп кіріп кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, бір кісі өліп, жиырма шақты адам жарақат алған. Полиция әлгі көліктің жүргізушісі 20 жастағы жігітті ұстаған. Ол Огайо штатының тұрғыны Джеймс Алекс Филдс болып шықты.