Басты бетЖаңалықтарҚазпошта бөлімшесі...

Қазпошта бөлімшесі жедел жеткізу қызметін іске қосты

Республика бойынша «EMS-Kazpost» бөлімшесі 35 бағытқа дейін кеңейтіп, құжатты қабылдау уақытын ұзартты.

«Күнбе-күн» қызметін пайдалану үшін клиент жөнелтімді қабылдау пунктіне сағат 09.00-дан бастап сағат 13.00-ге дейін тапсыру керек.

«EMS-Kazpost» директоры Диас Мырзаханов көрсетілетін қызмет үшін тарифтердің бағасы өзгергенін атап өтті.

«EMS жөнелтім – хатты немесе сәлемдемені жеткізудің ең жылдам және қолайлы тәсілі. Курьер сәлемдемені жөнелтушіге қолайлы орыннан алып кетеді және оны қабылдап алушының үйіне немесе офисіне жеткізеді. EMS-жөнелтім тіркеліп, оны жеткізу мен тапсыруды трек-нөмірі арқылы қадағалауға болады. Қызмет үшін тарифтер 5000тг/0,3кг-нан 15000тг/10кг-ға дейін өзгерді», — деді ол.

Хаттар мен басқа да хат-хабарларды «Күнбе-күн» жеткізу қызметі төмендегідей 35 бағыт бойынша көрсетілетін болады:

1. Ақтау-Алматы

2. Ақтау-Атырау

3. Қостанай — Алматы

4. Алматы-Астана

5. Алматы-Ақтау

6. Алматы-Талдықорган

7. Талдықорган — Алматы

8. Алматы-Павлодар

9. Алматы-Қызылорда

10. Алматы-Қарағанды/ Астана арқылы транзит

11. Алматы — Қостанай

12. Алматы-Шымкент

13. Павлодар — Алматы

14. Орал — Астана

15. Қызылорда-Астана

16. Атырау-Астана

17. Петропавл-Астана

18. Көкшетау — Петропавл

19. Көкшетау-Ақтау

20. Көкшетау-Алматы

21. Көкшетау — Астана

22. Астана — Көкшетау

23. Қарағанды-Астана

24. Астана-Қарағанды

25. Қарағанды-Алматы

26. Шымкент-Астана

27. Астана-Шымкент

28. Шымкент — Ақтау

29. Тараз-Астана

30. Астана-Алматы

31. Астана-Орал

32. Астана-Ақтау

33. Астана-Тараз

34. Астана — Өскемен

35. Петропавл — Көкшетау

Айта кетейік, аталмыш бөлімше хат-хабарларды облыс орталықтары арасында авиакөлікпен, бір-бірінен 250 км-ден аспайтын қашықтықта орналасқан қалалар арасында автокөлікпен жөнелтеді.

Дереккөзbaq.kz