Шара жергілікті уақыт бойынша 12.00-де Орал қаласының Киров атындағы саябағында болады.
Пікір алмасуға ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Мұхтар Манкеев, Батыс Қазақстан облысының «Аялаған алақан» қоғамдық қорының жетекшісі Рада Хайрушева, Астана қаласының азаматтық кеңесінің төрағасы Тимур Ілиясов қатысады.
Қатысушылар қоғамның бәсекеге қабілеттілігі, рухани жаңғырудың іске асырылуы мен келешек үшін маңызы туралы сөз қозғайтын болады.
Айта кетейік, бұл шараға кез келген азаматтың қатысуына мүмкіндік бар.