Оралда «Ақжайық Fest» атты ашық аспан астындағы кеш өтпек

Аталмыш шара Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен болмақ. Кеш қалалық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.

Шараға қала тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, жастар және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде (1500 адам). Ашық аспан астындағы көңілді кешті жас продюсер Алпамыс Шаримов және Нұрсұлтан Уразаев жүргізеді. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада әншілері «Алау» тобы, «Бастау» тобы, әнші әрі актер Олжас Абай және жергілікті жұлдыздар өнер көрсетеді.

Шара барысында мерекелік концерт, бояулар фестивалі, түрлі ойындар, конкурстар өткізіліп, ұтыстар ойнатылып, сыйлықтар табысталады.

Өтетін мерзімі: 12 тамызда сағат 20:00-де

Жобаны ұйымдастырушы: Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы