Қарағандыда геохимиялық зертхана ашылады

Қарағандыда пайдалы қазбалардың 100 мың түрін анықтауға мүмкіндік беретін геохимиялық зертхана ашылады.

©inform.kz

«Қазгеология» ЖШС геологиялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2018 жылы зертхана ашуды жоспарлап отыр.

«Геохимиялық зертханада заманның ең озық жоғары техникалық құрылғыларымен қатты келетін пайдалы қазбалар мен жер асты суларын анықтау мақсатында зертханалық-талдау жұмыстары жүргізіледі»,  — деп хабарлайды Қарағанды облысының индустриалдық-инновациялық даму және өндіріс басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.

Геохимиялық зертхана заманға сай жабдықталған. Ол пайдалы қазбаларға барлау жасаумен айналысатын кәсіпорындардың ақшасы үнемделеді. Енді кәсіпорындар табылған қазбаны зерттеу үшін еліміздің басқа өңірлеріне сабылмайтын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version