Нұрзат Сәлімбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Аталмыш дода Чилидің Сантьяго қаласында өтуде.

Елімізден қатысқан дзюдошы Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили) жеңді. Екінші айналымда Курбонали Базаровты (Тәжікстан), 1/8 финалда Томас Коузо Аспитианы иппонмен жеңген ол жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен жеңіп, финалға шықты.

Финалда ресейлік спортшы Казбек Нагушевке есе жіберген Нұрзат ел қоржынына алғашқы медалді салды.

Айта кетейік, Чилидегі кадеттер арасында әлем чемпионаты 13 тамызға дейін жалғасады.