Сауд Арабиясының әуе компаниясы жолаушылардың киіміне арнайы талаптар қойды

Сауд Арабиясының Saudia Airlines әуе компаниясы жолаушылар үшін дресс-код орнатты.

Фото: Saudia Airlines компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Енді Saudia Airlines әуе компаниясының қызметін қолданушы жолаушылар арнайы киім киетін болады.

Компания ер адамдарға балағы қысқа шалбар киюге тыйым салды. Ал әйелдерге дене бітімін ерекшелеп тұратын тар немесе тым жұқа киімдер киюге болмайды. Олар аяқ-қолдарын жабатын киім киюуі тиіс.

Бұл талаптарды орындамаған жолаушылар ұшақ бортына ене алмайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version