EXPO-2017 көрмесінде Қытайлық Цзянси күні аталып өтті

Қытайлық делегацияны Цзянси өңірінің вице-губернаторы Ли Ихуан бастады. Сондай-ақ, өңір күнінің жұмысында Цзянси әкімдігінің лауазымды тұлғалары, оның ішінде Наньча және Цзиань қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Қазақстан жағынан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары – Рүстемов Руслан, Қазақстандық Инвестициялық Ынтымақтастық Агенттігінің бастығы – Байеділов Айдын, Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы – Айнабеков Марлен, «Атамкен» ҰКП басшылығының мүшесі – Доскенов Талғат, Павлодар облысының инвестицияларды тарту бойынша Агенттіктің директор департаменты – Дүкембаев Ердан және басқалар қатысты.

 «Қытай — Астанада өтіп жатқан EXPO-2017 шараларының белсенді қатысушысы. Қытай мен Қазақстан – стратегиялық серіктестер. Цзянси өңірі Қазақстан мен оның аймақтарымен ынтымақтасуға дайын,» — дейді Цзянси өңірінің вице-губернаторы Ли Ихуан.

Бүгінгі күннің маңызды шараларының қатарында Цзянси көмір-энергетикалық құрылыс компаниясы, Цзянси өңірінің Сауда-өндірістік палатасы және Қазақстандық Халықаралық сауда ассоциясының ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол қоюлары болды. Сонымен қатар Цзянсидің Қызылорда, Павлодар облыстарымен ынтымақтасу туралы келісімдері болды.

«ЭКСПО-2017-ң арқасында Қазақстан аймақтарының Қытайдың барлық 24 өңірімен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастығы едәуір өседі. Бұл ЭКСПО-2017 өткізудің еліміздің экономикасына деген практикалық нәтижесі,»-деп атап өтті Қазақстандық Инвестициялық Ынтымақтастық Агенттігінің басшысы Байеділов Айдын.

Сондай-ақ агенттік басшысының айтуы бойынша, Қазақстанда Цзянсимен бірқатар мүдделер түйесуі мүмкін салалар бар. Олар: ауыл шаруашылығы, мыс пен вольфрам өңдеуі, сонымен бірге автокөліктер мен ұшақтарды жасау саласындағы машинажасау сұрақтары.

«Қытай — біздің еліміздің стратегиялық серіктесі. Тікелей инвестициялар, бірлескен кәсіпорындар көлемі жағынан Қытай Қазақстанда көшбасшылық орында. Елдеріміздің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен СиЦзиньпинь Астанадағы соңғы кездесуде екі мемлекет арасында шешілмеген сұрақтар жоқ екендігін айтқан болатын. Қазақстандық Инвестициялық Ынтымақтастық Агенттігі Қытай өңірлерінің Қазақстан облыстары, Астана, Алматы қалаларымен аймақтық ынытмақтастықты дамытуға бар жағынан әрі ғарай да атсалысатын болады. Біз ЭКСПО-2017 бұған нағыз түрткі болғанын анық түсініп отырмыз. Келесі үш жыл ішінде біздің Агенттік Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықта негізгі делдал болуға мақсат қояды,» — дейді Айдын Байеділов.

Айта кетейік, Цзянси – аграрлық өңір, оның ауылшаруашылық мәдениетінің негізін күріш құрайды. Оның егіні мен өнімі бойынша Цзянси Қытайда ғана емес, бүкіл Азиада басты позицияларда. Сонымен бірге агроөндіріс кешенінің құрылымында мал шаруашылығы мен орман шаруашылығы елеулі орын алады. Атап айтқанда, Цзянсидің 40% территориясы ормандармен қапталған. Бұл Цзянсиге сүректердің негізгі жеткізушісіне мүмкіндік берді.

Қызылорда мен Павлодар басшылықтары өкілдерінің Цзянси іскерлік қауымдастарымен болған кездесулеріне қатысуы Қазақстан аймақтарының Елбасының шетелдік инвестицияларды тарту мен ЭКСПО-2017 ел-қатысушыларымен сауданы дамыту бойынша тапсырмасын орындаудағы жұмысының көрінісі болды.

Доскенов Талғат Қазақстан мен Қытай арасындағы нақты экспорттық және инвестициялық контракттарына шарт жасауларына «Атамекен» ҰКП-ң дайындығын жеткізді. Ол, «қазақстандық компаниялары жағынан Цзянси өңірінің экономикалық кооперация мүмкіндіктерінің презентациясы, әсіресе оның ЭКСПО-2017 аясында өткізілуін ескере отыра, үлкен қызуғышылық туғызады» деп айтты.

Бұдан бөлек, Байеділов Айдын Қазақстандық Инвестициялық Ынтымақтастық Агенттігінің атынан Қытайдың оңтүстік-батысында орын алған жер сілкінісі салдарынан қаза болғандарына байланысты қытайлық делегация мүшелеріне көңіл айту сөздерін білдірді.