Астана оқушылары бірыңғай мектеп формасын киеді

Бұл туралы Астанадағы білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына даярлығына арналған баспасөз конференциясында айтылды.

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, форманың түсі қою көк және классикалық үлгіде болуы керек.

«Сәуір айында Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар енгізілген болатын. Форма түсі — қою көк және классикалық үлгіде болу керек. Осылайша, бір түсті мектеп формасына кезең-кезеңімен көшу жоспарланып отыр», — деп мәлімдеді Әнуар Жанғозин.

Мектептке нақты қандай форма алуға болатынын Астана қаласы білім беру мекемесінің сайтында нақты көрсетілген.

Айта кетейік, мектеп формасын кез келген жерден ала беруге болады.