Димаш Құдайбергенов «Жылдың үздік ер əншісі» номинациясын иеленді

Ол Гонконгта «Жылдың үздік әншісі» номинациясы бойынша марапатталды. Бұл туралы өзінің Instagaram парақшасында жариялады.

«Сүйінші! Бүгін Гонконгта өткен «Golden melody awards» cалтанатында «Жылдың үздік ер əншісі» номинациясы бойынша марапатталдым. Барша тыңдармандарыма көп рахмет! I love you, dears)», — деп жазды Димаш Құдайбергенов

Айта кетейік, жас әнші бұдан бұрын алғаш рет MTV Music Awards жүлдесін иеленген болатын. MTV Music Awards Asia – музыка индустриясы саласындағы Азиялық жүлде.