Астанада «Smart Astana» тұжырымдамасы бойынша сандық технологиялар енгізіледі

«Мемлекет басшысы бірнеше рет сандық технологияны, жаңа сала — 4.0. индустриясын дамытуды тапсырды. Сандық жүйеге көшкен дәуірде смарт-шешімдерді енгізбеу мүмкін емес. Smart city – бұл жәй ғана сәндік термин емес, жаңа технологиялар мен сандық шешімдерді өмірдің барлық саласында жүзеге асыру жолы,» — делінген Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасының хабарламасында.

Smart Astana 6 бағыт бойынша атқарылады: ақылды басқару, ақылды қоғам, ақылды өмір салты, ақылды қоршаған орта, ақылды көлік және ақылды экономика.

«Тұжырымдама аясында трансұлттық компаниялармен және өзге де көптеген CISCO, IBM, Autodesk, Hexagon, Mastercard, OrhitecGISnAp секілді халықаралық ұйымдармен байланыс орнатылған. Бүгінгі таңда 20 жоба анықталып, оларды жүзеге асыру басталды. Бұл — ақылды көше жарықтандыру, бейнебақылау, Smart медицина, Smart мектеп, балаларды балабақшаға автоматты түрде анықтау жүйесі, тұрғынның бірыңғай картасы, е-әкімдік, «Smart Astana», е-Билет, Smart tracking, e-KCK, интеллектуалдық, сараптамалық платформа,» — делінген ведомство хабарламасында.