Басты бет Қоғам 10 тамыз — Абай Құнанбаевтың туған күні

10 тамыз — Абай Құнанбаевтың туған күні

Бүгін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні. Бұл күн күнтізбеде Абай поэзиясы күні деп жазылған. Биыл Абайдың туғанына 172 жыл болды.

Сурет: Аbai.kz

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845-1904 жылдары өмір сүрген. Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ол Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.

Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» — тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін әлемнің 60 тіліне аударылған.

Қазіргі таңда Алматыда ақынның атымен жоғары оқу орны, опера және балет театры, үлкен даңғыл аталса, көркем әдебиет саласы бойынша мемлекеттік сыйлық тағайындалған. Шығыс Қазақстан облысындағы бір ауданға, Қарағанды облысындағы бір қалаға аты берілген. Сондай-ақ Іле Алатауының теңіз деңгейінен 4010 метр биіктіктегі шыңы да ақын есімімен аталады.

Ақынның туған күніне орай 10 тамыз Абай поэзиясы күні аталып өтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version