Басты бет Жаңалықтар «Рухани қазына» рухани жаңғыру өзегі

«Рухани қазына» рухани жаңғыру өзегі

Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қалың жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленіп, халықтың кең қолдауын табуда.

Елордада осы мақсатта ауқымды шаруалар атқарылуда. Қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Рухани қазына» бағыты бойынша 22 ауқымды жоба бекітілді. Оның ішінде «Ұлттық мәдениет», «Дәстүр және құндылықтар», «Ішкі туризм», «Ел бірлігі», «Асыл ұрпақ», «Қасиетті Қазақстан», «Мәдени даму» сынды іргелі жобаларды ерекше атап өтуге болады.

Жақын күндері «Елорда мәдениеті» бағдарламасы қабылданады. Бұл бағдарлама аясында Елордада кәсіби режиссерлер, драматургтер, сценографтарға қолдау көрсетіліп, шығармаларының тек ел көлемінде емес әлемге танылуына жағдай жасалады. Сондай-ақ, «Сакральды Астана» картасы Елорда аумағындағы 20 тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге, қаланың туристік әлеуетін көтеруге жағдай жасайтын болады. Оның ішінде «Бозоқ» қалашығын реставрациялау, «Қазақ еліне мың алғыс» және «Бейбітшілік қабырғасы» монументтерін салу жұмыстары жоспарланған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпы жұртшылықтан қолдау тапқан, төл руханиямызды түлетуге ықпал ететін іргелі жұмыстарға арқау болмақ.

6 пікір

  1. Я очень рада, что предприняли улучшать культурное развитие страны. Культурное развитие спасет нас от многих бед, распространяющихся на востоке. Это важно, чтобы люди поинмали, что все мы — граждане светского государства. И имеем право жить так, как хотим.

  2. Развивать туризм — это хорошо для экономики, а духовная модернизация — залог нашей безопасности, целостности и мира прежде всего. Сейчас такое время, что везде появляются определенные религиозные течения, какие то секты, молодому поколению стоить объяснять, что есть хорошо, что плохо. Как отметил глава государства в своем послании, ( простыми словами) мы должны суметь от пережитков прошлого и предрассудков былых традиций, чтобы развиваться и быть конкурентоспособной страной, где царит наука и технологий будущего.

  3. Рухани Жаңғыру бағдарласы арқылы көптеген жетістікке жетіп отырмыз.Елбасымызға алғыс. Жүзеге асырып жатқандарға алғыс.

  4. «Қазақ еліне мың алғыс» және «Бейбітшілік қабырғасы», атауларының өзі қандай әдемі еді, оны көрген көз тойып, естіген құлақ сүйсінеді. Бұл бір кермет бағдарлама болды.

  5. Осы күні рухани жаңғырудың нағыз үлгісіне көз жеткізудеміз, осы қалыптан таймайық, ұлттық құндылықтарымыз мен мәдениетімізді дамытып, дәріптей түсейік!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version