Басты бетЖаңалықтар«Рухани қазына»...

«Рухани қазына» рухани жаңғыру өзегі

Елордада осы мақсатта ауқымды шаруалар атқарылуда. Қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Рухани қазына» бағыты бойынша 22 ауқымды жоба бекітілді. Оның ішінде «Ұлттық мәдениет», «Дәстүр және құндылықтар», «Ішкі туризм», «Ел бірлігі», «Асыл ұрпақ», «Қасиетті Қазақстан», «Мәдени даму» сынды іргелі жобаларды ерекше атап өтуге болады.

Жақын күндері «Елорда мәдениеті» бағдарламасы қабылданады. Бұл бағдарлама аясында Елордада кәсіби режиссерлер, драматургтер, сценографтарға қолдау көрсетіліп, шығармаларының тек ел көлемінде емес әлемге танылуына жағдай жасалады. Сондай-ақ, «Сакральды Астана» картасы Елорда аумағындағы 20 тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге, қаланың туристік әлеуетін көтеруге жағдай жасайтын болады. Оның ішінде «Бозоқ» қалашығын реставрациялау, «Қазақ еліне мың алғыс» және «Бейбітшілік қабырғасы» монументтерін салу жұмыстары жоспарланған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпы жұртшылықтан қолдау тапқан, төл руханиямызды түлетуге ықпал ететін іргелі жұмыстарға арқау болмақ.