Альберт Гор: Дональд Трамптың өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталады

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор Дональд Трамптың қазіргі президенттік өкілеттігі «этикалық себептер» бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін екенін айтты.

«Трамптың тәжірибесі басталғанына алты-ақ ай болд. Оның жасап жатқан бірқатар эксперименттері этикалық себептерге байланысты мерзімінен бұрын аяқталады деп ойлаймын» — дейді ол.

Альберт Гордың мұндай мәлімдеме жасауына Дональд Трамптың климат мәселелеріне қатысты Париж келісімінен бас тартуы себеп болған.

Экс вице-президенттің айтуынша, АҚШ Париж келісімінен шықса да, елдегі қалалар, штаттар мен кәсіпкерлер келісім шеңберінде АҚШ міндеттемелерін атқара береді.

Альберт Гор жақын күндері АҚШ билігіне жаңа басшы келетініне сенімді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version