Әлем чемпионатының жүлде қоры 7,3 миллион долларды құраған еді. Ол тек үздік үштікте көрсетілген спортшыларға ғана емес, алғашқы сегіздікке енгендерге де берілді:
- 1-орын – 60 мың доллар;
- 2-орын – 30 мың доллар;
- 3-орын – 20 мың доллар;
- 4-орын – 15 мың доллар;
- 5-орын – 10 мың доллар;
- 6-орын – 6 мың доллар;
- 7-орын – 5 мың доллар;
- 8-орын – 4 мың доллар;
Сондай-ақ, әлем рекордын орнатқан спортшыға 100 мың долларлық жүлде тағайындалған.
Осылайша, Лондондағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Юлимар Рохасқа — 60 мың доллар, Катрин Ибаргуэнге — 30 мың доллар, Ольга Рыпаковаға 20 мың доллар сыйақы берілді.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова үшінші рет әлем чемпионатынан жүлде алды. 2011 Тэгуде күміс, ал 2015 Бейжіңде қола жүлдегер атанған қызымыз 2017 жылы Лондонда да үшінші орынға ие болды. Бұл – үлкен жетістік әрі 14,77 метр – оның биылғы ең үздік көрсеткіші.