Лагерь Қорғаныс Министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында өтті. Экологиялық таза әрі табиғаты көрікті жерде орналасқан аймақта ұйымдастырылған «Жас сарбаз» лагеріне 300-ден астам бала қатысты. «Жас сарбазға» балалар Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Гвардиялық, Сарыөзек, Өскемен, Семей, Үшарал, Аягөз, Қарағанды аймақтарынан келді.
«Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі жастарға әскери-патриоттық тәлім-тәрбие беру бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ қазіргі кезде Мектеп оқушылары әскери-патриоттық клубтарда бас қосады, республиканың барлық аймақтарындағы әскери техникалық мектептерде сабақтар жүргізіледі. Бұл жұмыстар отан қорғаушылардың имиджін қалыптастыруға, әскери қызметтің беделін арттыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз,» – дейді құрлықтағы әскердің бас қолбасшының орынбасары Дулат Адырбеков.
Лагерь кезінде балаларға арналып мәдени ойын-сауықтар, түрлі спорттық жарыстар өткізілуімен қатар, Алматы қаласының көрікті орындарына экскурссиялар ұйымдастырылды. Мерекелік концерттермен қатар лагерге келушілер түрлі байқауларға қатысып, Армия орталық спорт клубының олимпиадашыларымен кездесті. Сондай-ақ Панфилов елдімекеніндегі Армия орталық спорт клубында біркүндік оқу тәжірибесінен өтті. Мұнда Қорғаныс министрлігі спорт клубының жоғары квалификациялы нұсқаушылары сабақтар өтіп, кедергілерден өту, спорттық снарядтармен түрлі жаттығулар жасатып, лагерь тәрбиеленушілерін жаттықтырды. Сондай-ақ «Жас сарбаз» лагеріндегілерге арқан саябағында скалодром мен пейнтбол бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
«Жас Сарбаз» лагерінде ұмытылмас демалысымды өткіздім. Тынығу кезінде құрлықтағы әскердің әскери институтына бардық. Мұнда курсанттар бізге оқулары жайлы айтып берді. Болашақта «Жас Ұлан» республикалық мектебінде оқып, кейін құрлықтағы әскер институтына оқуға түсіп, абыройлы әскери қызметкер болғым келеді,»- дейді әскери патриоттық лагердің тәрбиеленушісі Нұрсұлтан Кенжетаев.