ЕХРО 2017: Гвинея Республикасының ұлттық күні

Мерекелік шарада алдымен екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, әнұрандары ойналды. Ресми өкілдер сөз алып, көрменің маңыздылығына, жасыл энергетикаға қатысты пікірлерін білдірді. Гвинея да баламалы қуат көзі толығымен қолдайды. Елде әсіресе күн энергиясын тиімді пайдалануға толық негіз бар. Бұл мүмкіндікті қолданып та жатыр. Қазірдің өзінде электр станциялары жұмыс істейді.

Айта кетейік, Африка плазасында 20 дан аса елдің энергетикаға қатысты жаңалықтарымен және африкалықтардың мәдениетімен танысуға болады.

Африкалықтар – өте көңілді халық. Ән мен биді жақсы көреді. Гвинеяның «BAGA FOTE» музыкалық — би тобы ЕХРО көрмесіне арнайы келді. Өнерпаздар өздерінің шығармашылығы арқылы елдің мәдениетін, дәстүрін паш етті. Гвинеяның астанасы – Конакри қаласы. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 70%-і мұсылмандар. Экономикасының негізі – тау-кен өнеркәсібі. Жер қойнауы  боксит, алмас, алтын сияқты кендерге бай. Дүние жүзіндегі боксит қорының 2/3-і осында шоғырланған. Жері құнарлы болып келеді. Сондықтан мәңгі жасыл ормандар мен саванна өсімдіктері өседі. Халықтың 70%-і мақта, темекі, кофе, банан, күріш алқаптарында, мал шаруашылығында жұмыс істейді.

Дереккөз24.kz