Басты бет Басты Тоқтар Төлешов туралы 15 дерек

Тоқтар Төлешов туралы 15 дерек

30 қаңтарда Шымкентте тәртіп сақшылары ауқымды операция өткізіп, нәтижесінде танымал қазақстандық бизнесмен Тоқтар Төлешов ұсталды. Бір деректер бойынша, сол күні Төлешов шетелден туған қаласына келіп, бірден құқық қорғау органдарының қолына түскен.

Төлешовқа қандай айып тағылып отырғанын қоғам сақшылары әлі мәлімдемеді. Тіпті, кәсіпкерді тұтқындауға рұқсат берілген-берілмегені де белгісіз. Тек, онымен бірге тағы үш адам ұсталғаны ғана белгілі (олардың бірі — алаяқ деп болжам жасалып отырған Сергей Калтаков), ал тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттар және әлдеқандай әдебиет табылып, тәркіленген.

Соңғы жылдары Тоқтар Төлешов бизнестен бөлек, қоғамдық-саяси қызметпен де көп айналысқан. Ресейдің Журналистер одағына кіріп, тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар жариялап жүрді. «Открытая Азия онлайн» бизнесменнің тұлғасына қатысты ақпарат жинады.

1. Тоқтар Төлешовтың 13 баласы бар.

2. «Шымкентпиво» (Шымкент сыра зауыты) ЖШС жалғыз құрылтайшысы.

3. «Шымкентстекло» (шыны ыдыс өндірісі) ЖШС директоры.

4. «Шымкент Pictures» (деректі және көркем фильмдер өндірісі) кинокомпаниясының директоры.

5. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері.

6. 2007-2011 жылдар аралығында – Азия құрлықтық бокс федерациясының (FAAB) вице-президенті, Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) комитет төрағасы.

7. 2008 жылдан – Қазақстан Казак қоғамдық бірлестіктері бас атаманының Ресеймен, ТМД елдеріндегі орыс және казак ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдармен одақтастық қатынастарды нығайту жөніндегі кеңесшісі.

8. 2009 жылдан – «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі және өкілетті өкілі.

9. 2011 жылдан – «Шанышқылы» қоғамдық қорының президенті.

10. 2012 года – «Қарқындылығы төмен лаңкестік қатерлер мен қақтығыстарға сараптама жасау орталығының» Орталық Азия бағытының директоры.Ұйымның басшылығы Төлешовтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.

11. 2014 жылдан – түрлі діни конфессиялардың өкілдеріне қолдау көрсететін «Ислам және әлем» аймақаралық қайырымдылық қорының вице-президенті.

12. 2014 жылдан – «Үдеу-Өрлеу» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы.

13. 2014 жылдан – Ресей Журналистер одағының Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азия елдеріндені өкілетті өкілі.

14. Халықаралық журналистер одағының, Еуразиялық телевизия және радио академиясының, Ресейдің еркін экономикалық қоғамының мүшесі.

15.«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

21 пікір

    • Есирткимен аиналысады,жумысшыларга жалакы бермеиди,биликти кушпен алмакшы,содырларды коздырып отырган осы деиди.сонда неси жаксы

  1. Бұл істің артында кім тұр екен. Бірақ қазақ ұлтты аз болсақта өз өзімізді осылай жойаямыз. Тоқтардай үлкен ағаларымызды көбейткеніміз абзал.

  2. Әдебиет кітаптар, деп жазылған тексеру барысында ол не кітаптар екен. Бәлкім улкендердің биографиясы шығар кітап дегені. Кім біледы кінәлі емес шығар мумкін.

  3. Енді мойындап отыр емес пе? Ер мойнында қыл арқан шірімес дейді. Енді ұолмен істегенін мойнымен көтерсін.

  4. Билікті басып алып, хан сияқты отырғысы келген шығар. Әйтпесе сонша қаруды не істеу үшін жинады?

  5. Оның үстіне Ресейдің шовинистерімен байланыста болған. Сыртттан ақша алып тұран болу керек іс әрекетіне қарағанда. Сондықтан біздің мемлекет үшін Төлешов те, төлешовшілдер де жазалануы керек.

  6. Ірі бизнесмен екені сөһзсіз, бірақ елге жаны ашымаса, мемлекетті төңкеріп тастайтын болса, ондай адамнан не жақсылық, не пайда күтуге болады? Одан қамалғаны артық.

  7. Айыпты адамның қалыпты өмір сүруі қиын емес пе? Тек жүрсең тоқ жүресің. Төңкеріс сенің не теңің. Ақшаң жетпей жатыр ма? Осыған да шүкіршілік етіп, бала-шағаңды асырап жүре беру керек еді. Әй, осы сәл ақшаның басы көрінсе, жолдан таятынымыз жаман.

  8. Осы елдің арқасында емес па бизнесмен болып отырғаны, енді өзінің су ішкен құдығына түкіріп бұлай жасағаны қалай?

  9. Ақшасы қалтасына сыймай тасығаннан не істерін білмей адамдар не қылмыскер не нашақор болады, иманның әлсіздігі шығар бәлкім

  10. Алтын көрсе періште жолдан таяр деген осы, енді не болар екен , түрменің түбінде шіритін болды

  11. Менің ойым токтар толешів жақсы кісі едй осының арқасында Шымкент гүлденіп жатқан еді

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version