Тоқтар Төлешов туралы 15 дерек

Төлешовқа қандай айып тағылып отырғанын қоғам сақшылары әлі мәлімдемеді. Тіпті, кәсіпкерді тұтқындауға рұқсат берілген-берілмегені де белгісіз. Тек, онымен бірге тағы үш адам ұсталғаны ғана белгілі (олардың бірі — алаяқ деп болжам жасалып отырған Сергей Калтаков), ал тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттар және әлдеқандай әдебиет табылып, тәркіленген.

Tuleshov5.jpgСоңғы жылдары Тоқтар Төлешов бизнестен бөлек, қоғамдық-саяси қызметпен де көп айналысқан. Ресейдің Журналистер одағына кіріп, тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар жариялап жүрді. «Открытая Азия онлайн» бизнесменнің тұлғасына қатысты ақпарат жинады.

1. Тоқтар Төлешовтың 13 баласы бар.

2. «Шымкентпиво» (Шымкент сыра зауыты) ЖШС жалғыз құрылтайшысы.

3. «Шымкентстекло» (шыны ыдыс өндірісі) ЖШС директоры.

4. «Шымкент Pictures» (деректі және көркем фильмдер өндірісі) кинокомпаниясының директоры.

5. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері.

6. 2007-2011 жылдар аралығында – Азия құрлықтық бокс федерациясының (FAAB) вице-президенті, Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) комитет төрағасы.

7. 2008 жылдан – Қазақстан Казак қоғамдық бірлестіктері бас атаманының Ресеймен, ТМД елдеріндегі орыс және казак ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдармен одақтастық қатынастарды нығайту жөніндегі кеңесшісі.

8. 2009 жылдан – «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі және өкілетті өкілі.

9. 2011 жылдан – «Шанышқылы» қоғамдық қорының президенті.

10. 2012 года – «Қарқындылығы төмен лаңкестік қатерлер мен қақтығыстарға сараптама жасау орталығының» Орталық Азия бағытының директоры.Ұйымның басшылығы Төлешовтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.

Tuleshov2.jpg

11. 2014 жылдан – түрлі діни конфессиялардың өкілдеріне қолдау көрсететін «Ислам және әлем» аймақаралық қайырымдылық қорының вице-президенті.

12. 2014 жылдан – «Үдеу-Өрлеу» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы.

13. 2014 жылдан – Ресей Журналистер одағының Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азия елдеріндені өкілетті өкілі.

14. Халықаралық журналистер одағының, Еуразиялық телевизия және радио академиясының, Ресейдің еркін экономикалық қоғамының мүшесі.

15.«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.