Атырау облыстық монополияға қарсы ведомствасы хабарлауынша, тамыз айынан бастап газдың текше метрі 7,15 теңгеге, 11 пайызға артқан.
«ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның газ бағасын қымбаттату жөніндегі өтінішінің қорытындысын шығарды. 1 тамыздан бастап тұрғындар үшін газдың текше метрі 7,15 теңгеге, 11 пайызға артты», — деп хабарлады облыстың монополияға қарсы ведомствосы.
Айта кетейік, заңды тұлғалар үшін газ бағасын өсіру жөніндегі өтініштері кері қайтарылған.