Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда ай сайын 272 сәби дүниеге келеді

Көкшетауда ай сайын 272 сәби дүниеге келеді

Мәліметтерге сүйенсек,  елімізде жылына 400 мыңға жуық бала өмірге келеді екен. Ал, Ақмола облысында ай сайын 986 бала, Көкшетау қаласында 272 сәби дүниеге есігін ашады. Жаңа туған сәбидің әрбіріне енді жоғарылатылған жәрдемақы берілетін болады.

Бейтарап фото: Kobietamag.pl

1-ші шілдеден бастап жасына байланысты берілетін зейнетақы мөлшері де 11 пайызға ұлғайды. Ал, базалық зейнетақы төлемі 13 пайызды құрап отыр. Қазіргі күні Ақмола облысында 110 мың 361 зейнеткер бар. Енді олар жоғары көлемді зейнетақымен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, әскери мамандар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы шені бар тұлғаларға берілетін зейнетақы мөлшері де көбейеді. Мемлекеттің осындай әлеуметтік көмегіне Ақмола облысында құқық қорғау органдарының 3 мыңға жуық қызметкері ие болмақ.

Мамандардың айтуынша, ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қаралатын болады. Бұл 2018-ші жылдың қаңтар айынан бастап елімізде жалпы әлеуметтік көмектің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version