Көкшетауда жер телімдері «Қолжетімді жер» жобасымен аукционға түседі

«Қолжетімді жер» жобасы өзінің бизнесін бастаймын немесе бұрыннан бар ісін кеңейтемін деген азаматтарға өте тиімді. Жер телімін сатып аламын деушілердің ыңғайлылығы үшін қалалық әкімшіліктің сайтына Көкшетау қаласының аумағындағы бос жер телімдері енгізілген арнайы карта орналастырылған. Картада бос жер телімдері жасыл түспен белгіленген. Одан бөлек, олардың аумағы, шекарасы да көрсетілген. Айта кету керек, аталмыш жоба аясында кейбір жер телімдері аукцион арқылы да сатылымға түседі.