Басты бетЖаңалықтарАқмола тәртіп...

Ақмола тәртіп сақшылары «Саулық бақылауы» шарасын өткізді

Іс-шараның негізгі мақсаты – ЖКО алдын алу, облыс жолдарындағы апат деңгейін тұрақтандыру, алкогольдік мас күйде көлік жүргізген жүргізушілерді анықтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жол қозғалысын бақылау үшін облыстық ІІД қызметкерлері жұмылдырылды.
30 маусым 02 шілде аралығында Ақмола облысы ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күшейтілген режимде қызмет етті. Сөйтіп ЖПІШ үш күні ішінде, тәртіп сақшылары 818 жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтады. Олардың ішінде 41-алкогольдік мас күйде ұсталған жүргізушілер, 119-жылдамдық режимін асырғандар, 218-қауіпсіздік белдігін қолданбағандар, 69-ұялы телефонмен сөйлескендер, 12-жаяу жүргіншілерге жол бермегендер. Одан басқа, апаттық жағдай туғызған 153 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.

Мас күйде көлік жүргізген барлық фактілер бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама құрып, материалдар сотқа жолданды. Ендігі жерде жүргізушілерге үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылу қаупі төніп тұр.