Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек республиканың солтүстігінде, батысында және шығысында ауа райы құбылмалы. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұруы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22, екпіні 30 м/с дейін күшейеді, жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болады.
Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында өте қатты ыстық ауа райы сақталады.
Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстырында өте ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық, Алматы, Жамбыл, Кызылорда кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болуы ықтимал.
Атырау, Қызылорда, Алматы, кей жерлерде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.