Биыл екі қазандық толықтай қалыпқа келтіріледі. Бұл жұмыстарға 120 адам жұмылдырылған. Ал нысанды қысқа әзірлеу үшін мекеме жыл сайын 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсайды екен. «Алайда бұл баға саясатына әсер ете қоймайды», – дейді ондағылар. Себебі жергілікті әкімдікпен тарифті қамбаттатпау жайлы 5 жылдық келісім жасалған.
Айта кетейік, аталған нысан шағын шаһар мен оның жанында орналасқан кенттердегі бас-аяғы 400-ге жуық көпқабатты тұрғын үйге жылу таратады.
«Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары 85%-ға орындалды. Енді 7-қазандықта күрделі жөндеу қалып отыр. Жылу электр орталығы 1966 жылы салынған. Сондықтан жыл сайын кезең-кезеңімен осылай қондырғыларды жаңартып отыруға мәжбүрміз. Мәселен, биыл жөндеу жұмыстарынан бөлек заманауи қозғалтқыштар мен су жаңа есептегіштер орнатып жатырмыз,»- деді Валерий Донцов, Степногорск жылу электр орталығының директоры.