Басты бетЖаңалықтарАқмола облысындағы...

Ақмола облысындағы археологиялық ескерткіштерді жөндеуге 40 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Бүгінгі күнде, облыс орталығында орналасқан Ақан Сері, Біржан Сал, Абылай хан ескеркіштеріне ағымдағы жұмыстар жүргізіліп аяқталған.

Мәселен, ғалым Шоқан Уәлиханов ескеркішінің маңында маусым айынан бері жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолғы жөндеу жұмыстары ескерткіштің өзіне емес, айналасындағы плиталар мен жаяу жүргіншілер жолын жасауға, ернеулерді монтаждауға, кәріз қақпағын ауыстыруға бағытталған.

Алдағы уақытта ескеркіштерге жасалатын жөндеу жұмыстары жалғасын таппақ. Жөндеу жұмыстары облыс орталығында орналасқан «Ана алақаны» деп аталатын ескерткішке жүргізілмек. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының батыры, ұшқыш Полина Осипенконың ескерткішіне де ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда тұр.