Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарында жел 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады, түнде бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде желдің күші 18 м/с болады.

ДереккөзҚазАқпарат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Түркістан облысында көгалдандыру және санитария мәселесі қатаң бақылауға алынды

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша, өңірде тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигондар реттеліп, талапқа сай болуы қадағаланады. Ғарыштан түсірілім жасау арқылы 2022 жылы...

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

«Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды

"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Премьер-министр «Алтын Орда» базарындағы заңбұзушылықты жоюды талап етті

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Алтын Орда" базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды.

5 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.