Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында индустрияландыру картасына 90 жоба енгізілді

Ақмола облысында индустрияландыру картасына 90 жоба енгізілді

Өңірдің индустрияландыру картасына жалпы саны 90 жоба енгізілген.

Зеренді ауданының Садовое селосындағы сүт зауыты – индустрияландыру бағдарламасының алғашқы кезеңінде іске қосылған кәсіпорындардың бірі. Өндіріс ошағын ашу үшін 346 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Қазір кәсіпорында май, сүт, айран, қаймақ, сүзбе, йогурт өнімдерінің 30-ға жуық түрі шығарылады. Жалпы, зауыт жылына 10 млн. литр сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

2017-ші жылдың 1-ші шілдесіндегі мәліметке сай аталған жобалардың 74-і пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде, өңірде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны Жыл соңына дейін тағы бірқатар өндірістік жобалар іске қосылады деп жоспарлануда.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы  2010-шы жылы іске қосылды. Басты мақсаты – еліміздің экономикалық дамуын жеделдету, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және өнеркәсіптік нысандардың қатарын көбейту. Бағдарлама аясында Ақмола облысында жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін 782 млрд. теңге қарастырылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version