Зеренді ауданының Садовое селосындағы сүт зауыты – индустрияландыру бағдарламасының алғашқы кезеңінде іске қосылған кәсіпорындардың бірі. Өндіріс ошағын ашу үшін 346 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Қазір кәсіпорында май, сүт, айран, қаймақ, сүзбе, йогурт өнімдерінің 30-ға жуық түрі шығарылады. Жалпы, зауыт жылына 10 млн. литр сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
2017-ші жылдың 1-ші шілдесіндегі мәліметке сай аталған жобалардың 74-і пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде, өңірде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны Жыл соңына дейін тағы бірқатар өндірістік жобалар іске қосылады деп жоспарлануда.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы 2010-шы жылы іске қосылды. Басты мақсаты – еліміздің экономикалық дамуын жеделдету, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және өнеркәсіптік нысандардың қатарын көбейту. Бағдарлама аясында Ақмола облысында жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін 782 млрд. теңге қарастырылған.