Басты бет Қоғам Ғалымдар ауадан тамақ жасай бастады

Ғалымдар ауадан тамақ жасай бастады

Финляндиядағы Технология университетінің лабораториясындағы ғалымдар көмірқышқыл газынан ақуыз жасап шығаратын биореактор жасап шығарды. 

©tehnot.com

Ғалымдардың айтуынша, ақуыз тағамдарын жасап шығаруға қажетті заттың бәрі ауада бар. Олар: су мен көмірқышқыл газы.

«Біздің жасап шығарған биореакторымызды әр үйге қондырып, пайдалануға болады»,- дейді ғалымдар.

Реактор ішінде ерекше микроорганизмдер бар. Олар көмірқышқыл газын, оттегіні, ауаны жұтып, оларды ақуыз бен қантқа айналдырады. Ол жеткілікті деңгейге жеткен кезде, реактор ішінде электр разряды қосылып, бактериялардың көзін жояды. Қалған түйіршіктерді кептіріп алуға болады. Олар пайдалы заттарға бай.

Айта кетейік, әзірге реактор баяу жұмыс істейді: 1 грамм пайдалы затты өндіру үшін екі апта уақыт кетеді. Алайда, ғалымдар бұл үдерісті жеделдетуге барын салып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version