Ғалымдар ауадан тамақ жасай бастады

Ғалымдардың айтуынша, ақуыз тағамдарын жасап шығаруға қажетті заттың бәрі ауада бар. Олар: су мен көмірқышқыл газы.

«Біздің жасап шығарған биореакторымызды әр үйге қондырып, пайдалануға болады»,- дейді ғалымдар.

Реактор ішінде ерекше микроорганизмдер бар. Олар көмірқышқыл газын, оттегіні, ауаны жұтып, оларды ақуыз бен қантқа айналдырады. Ол жеткілікті деңгейге жеткен кезде, реактор ішінде электр разряды қосылып, бактериялардың көзін жояды. Қалған түйіршіктерді кептіріп алуға болады. Олар пайдалы заттарға бай.

Айта кетейік, әзірге реактор баяу жұмыс істейді: 1 грамм пайдалы затты өндіру үшін екі апта уақыт кетеді. Алайда, ғалымдар бұл үдерісті жеделдетуге барын салып жатыр.

ДереккөзTehnot.com