Бағдарлама бес бағытты қарастырады. Облыста 39 жобаны жүзеге асыруға республикалық жəне облыстық бюджеттерден 3 693,5 миллион теңге бөлiнген. Ақмола облысында қазiргi таңда осы бағдарлама бойынша құрылыс айтарлықтай өрiстей түсуде.
Əсiресе, халықтың аз қамтылған топтары үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй қорын жасауға ұлттық қордан 1 562,5 миллион теңге қаржы бөлу iске асырылған. Осының арқасында Көкшетау қаласында 40 пəтерлiк сегiз тұрғын үй, Аршалы жəне Жақсы аудандарында көп пəтерлi екi тұрғын үй құрылысы жүргiзiлуде. Олардың инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымы да бiрге қолға алынуда.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағыты бойынша 14 елдi мекенде, тұтастай алғанда жетi ауданда тұрғын үй құрылысын өрiстету көзделiп отыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiсi арқылы несиеге берiлетiн үйлер де назардан тыс қалмаған. Жыл аяғында облыс орталығында 206 пəтерлi 6 көп қабатты үйдi пайдалануға беру көзделуде. Бiр сөзбен айтқанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы облыста тұрғын үй құрылысын жеделдетуге жаңаша серпiн беретiндiгi айқын.

