Басты бетҚоғамДәрігерлер обырдың...

Дәрігерлер обырдың бастапқы белгілерін анықтайтын мобильді қосымша ойлап тапты

Мамандардың айтуынша, «Онкоскрин» деп аталатын жоба әлі пилоттық кезеңде. Алайда, қыркүйек айына дейін толықтай іске асыру жоспарланған. Ол толық дайын болған кезде қосымшаны кез келген адам телефонына жүктеп, қолдана алады.

Мобильді қосымшада арнайы сауалнамалар бар. Оларға жауап беру арқылы сүт және қуықалды безді, жатыр мойынын, асқазан мен ішектегі ауруларды ерте баста анықтауға болады.

Сондай-ақ, науқастар онкологиялық диспансер мамандарымен онлайн режимде сұхбаттаса алады.

«Мобильдік қосымша азаматтарға тек ұсыныс жасайды. Яғни тесттің қорытындысы бойынша аурудың алғышарттары анықталса, скринингтен өтуге немесе дәрігерге қаралуына баруға кеңес береді. Сондай-ақ мұнда еліміздегі онкологиялық диспансерлердің барлық тізімі болады»,- дейді Дмитрий Тё.

Дереккөз24.kz